00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Биыл елімізде 496 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

13 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Биыл елімізде 496 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 627,6 мың қазақстандық қатысты. 496,2 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 311,1 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлады Elordainfo.kz.   

Субсидияланатын жұмыс орындарына 185,1 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 15,5 мың адам, жастар практикасында 32,2 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 108,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 9,5 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 417 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 19 мың адам жұмыспен қамтылды, - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінде.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 55,2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 50,1 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 57,5 мың адам қамтылды, оның ішінде 36,6 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Қызмет саласын таңдау мақсатында 202,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 476 800 теңге) мөлшерде 8 941 грант берілді.