03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанның ірі қалаларында түнгі экспресс-маршруттар жүруі мүмкін

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қазақстанның ірі қалаларында түнгі экспресс-маршруттар жүруі мүмкін

|
Photo: Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстанның ірі қалаларында туристердің жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында әуежайлар мен қала орталығы арасында түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, заңсыз такси қызметтері – кең таралған мәселе. Халықаралық әуежайларда QR-код жүйесі енгізілді. Онда сенімді такси, қонақүйлер, электронды сим-карталар мен туристік нысандар туралы ақпарат көрсетіледі. Әкімдіктер бұл жұмысты тұрақты түрде қадағалап, түсіндіру жұмысын жүргізіп отыруы керек. Қажет болса, заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейту мүмкіндігі де қарастырылуы қажет.

"Ірі халықаралық қалалардағы секілді түнгі уақытта әуежайдан қала орталығына автобус қатынасы жоқ. Бұл мәселені шешу үшін түнгі экспресс-маршруттарды іске қосу ұсынылып отыр". - деді министр.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗