00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда техникалық мамандықтарға сұраныс артып келеді – Жақыпова

10 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Қазақстанда техникалық мамандықтарға сұраныс артып келеді – Жақыпова
фото: visa-kazakhstan.kz

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді орындау бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қаралды. Бұл туралы Elordainfo.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Кәсіби кадрларды даярлау  жөнінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова баяндама жасады.

Кәсіптік-техникалық білімі бар жұмыспен қамтылғандардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандар санының 49%-на жетіп, 17 пайыздық тармаққа ұлғайды. Экономика салалары бөлігінде кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлердің ең көп саны сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және қоймалау салаларында басым болып, жалпы саны 2,5 млн адамға жетті.

Дегенмен, еңбек нарығында кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлерге сұраныс өзекті болып қала береді. Техникалық білімі бар жұмысшыларға күтіліп отырған сұраныс жоғары білімі бар қызметкерлерге қарағанда айтарлықтай жоғары (70%).  2030 жылға дейін кадрларға сұраныс 1,8 млн адамды құрайды, оның 1 млн-ға жуығынан техникалық білім талап етіледі.