Қазақстанда «Балалар үні» республикалық челленджі басталды


27 мамыр мен 1 маусым аралығында Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында әлеуметтік желілерде #БалаларҮні республикалық челленджі өтуде, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Челлендждің басты мақсаты – балаларға өз ойларын ашық айтуға, оның дауысының естілуіне және мектеп пен қоғамдық ортаны жақсартуға өз үлестерін қосуға мүмкіндік беру.
Челленджге еліміздің барлық өңірлеріндегі балалар мен жасөспірімдер қатыса алады. Қатысушылардан ұзақтығы 1 минуттан аспайтын қысқа бейнежазба немесе мәтіні бар фото-пост форматында келесі сұрақтардың біріне жауап беру сұралады:
• Өз мектебіңде, қалаңда немесе еліңде нені өзгерткің келеді?
• Сенің үнің естіледі дегенді қалай түсінесің?
• Қазақстандағы балалардың болашағын қалай елестетесің?
• Арманыңдағы мектепті сипаттап жаз немесе суретін сал.
Жарияланымдар әлеуметтік желілерде #БалаларҮні хэштегімен жарияланады. Ең үздік идеялар өңірлік және республикалық деңгейде қолдау тауып, көпшілікке ұсынылады.



