00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астана прокуратурасы 280 инвестордың құқығын қорғады

Астана прокуратурасы 280 инвестордың құқығын қорғады
фото: Астана қаласының прокуратурасы

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратурамен «инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» іске қосылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

Осы жұмыс шеңберінде елорда прокуратурасы инвесторлармен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды заңсыз бұзу фактілерінің жолын кесті.

Мұндай шарттарды бұзу тәртібі «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңмен регламенттелген.

Бейінді министрлікпен АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарт бекітілген

Алайда, басқарушы компания – «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС-і шарттарды біржақты тәртіппен бұзуға құқық беретін, Заңда және үлгілік шартта көзделмеген тармақтарды белгілеп, 280 шарт жасасқан.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде Басқарушы компания барлық инвесторлармен шарттарды қайта жасасу рәсімін бастады.

Естеріңізге сала кетейік, проблемалық мәселелер туындаған кезде инвесторлар Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың 8-747-216-15-58 телефоны арқылы жүгіне алады.