Түркияның батысында 4,5 балдық жер сілкінісі болды
Фото: depositphotos.com
Бұл туралы Түркияның Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасы (AFAD) мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Түркияның батысындағы Кютахья қаласында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды.
Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 07:23-те (Қазақстан уақытымен 09:23) қаланың батысындағы Симав ауданында тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 8,81 км тереңдікте орналасқан.
«Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Түркияның солтүстік-батысында 6,2 балдық жер сілкінісі болып, кем дегенде 236 адам зардап шеккен болатын.
Ұқсас жаңалықтар
3 қазан, 2025
Ғарышқа турист ретінде ұшатын тұңғыш қазақстандықтың есімі белгілі болды
1 қазан, 2025
Қырғызстанда өлім жазасы енгізілді
10 қыркүйек, 2025
«1,5 мың қазақстандық бар»: министрлік Дохадағы жарылысқа қатысты айтты
10 қыркүйек, 2025
«Біздің азаматтарымыз жоқ»: министрлік Непалдағы жаппай көтеріліске қатысты түсініктеме берді
