АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

7 сәуір, 2025
Айман Нығмет Айман Нығмет
АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды
фото: Rebecca Noble / Getty Images

АҚШ-тың демократ-конгрессмені Эл Грин қазіргі президент Дональд Трампқа импичмент жариялау рәсімін бастауды ұсынды, деп хабарлады Elordainfo.kz The Hill-ге сілтеме жасап.

Конгрессменнің айтуынша, келесі 30 күн ішінде ол америкалық көшбасшыға импичмент жариялау туралы баптарды ұсынбақ. 
Вашингтондағы Трампқа қарсы митингке қатысушылар алдында сөйлеген Техас штатынан сайланған Демократиялық партия өкілі президентті  «атқарушы биліктің басшысы болуға лайық емес» деді.

«Президент Трамптың ұстанымы айқын: ол әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларын - Social Security, Medicare және Medicaid - оларға құқығы бар адамдарға беруді қолдайды. Ал демократтар заңсыз иммигранттарға бірдей жәрдемақы беруді ұсынып отыр.  Бұл бағдарламалардың банкрот болуына алып келеді және егде жастағы американдықтарға ауыр соққы болады»,-деді Ақ үйдің баспасөз хатшысының көмекшісі Лиз Хастон басылымға берген мәлімдемесінде. 

Айта кету керек, Грин бұған дейін де Трампқа алғашқы президенттік мерзімінде импичмент жариялауға бірнеше рет әрекет жасаған, бірақ олардың барлығы сәтсіз аяқталды.

2 ақпанда Өкілдер Палатасы Трамптың 4 ақпанда конгреске үндеуі кезінде Гринге тәртіп бұзғаны үшін ресми түрде сөгіс жариялады. Бұл шешім 224 конгрессменнің қолдауымен қабылданды. Осылайша, Грин осындай сөгісті алған Өкілдер палатасының 28-мүшесі болды.