00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Көшпенділер ойыны: 2400 метрлік ұшқыр бәйгенің жеңімпаздары анықталды

13 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Көшпенділер ойыны: 2400 метрлік ұшқыр бәйгенің жеңімпаздары анықталды
Фото: дереккөз

Ұшқыр бәйгеден 2400 метр жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұшқыр бәйгеден 2400 метрлік аралықта шапқан 5 дөненнің (3 жасқа дейінгі) арасында желтұяғы анықталды.

2400 метрге шапқан сәйгүліктер арасында да алғашқы үштікті Қазақстан жүйріктері иеленді. Мәре сызығына алғашқы болып «Берил Рэйсер» келсе, екінші орынды «Адай» иеленді. Ал үздік үштікті «Роузлайн» түйіндеді.

1-орын: Берил Рэйсер, жокей әрі бапкері – Асланбек Байкенов, бапкері Байкенов Асланбек, ат иесі – Бахтияр Байзаков (Қазақстан).

2-орын: Адай, жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тлек Муканбеткалиев,(Қазақстан);

3-орын: Роузлайн, жокей әрі бапкері – Дәурен Жүсіпов, ат иесі – Карабай КФХ (Қазақстан).