Президент V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды марапаттады
2 қазан, 2024
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына атсалысқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдегерлері, олардың жаттықтырушылары, сондай-ақ халықаралық спорт шарасын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Атап айтқанда, 1 адам «Парасат» орденінің және 7 азамат «Құрмет» орденінің кавалері атанды. «Ерен еңбегі үшін» медалі 85, ал «Шапағат» медалі 5 адамға берілді.
Ұқсас жаңалықтар
2 қаңтар, 2026
Аружан Сағындықова Үндістандағы турнирдің финалында өнер көрсетеді
2 қаңтар, 2026
Юлия Путинцева Брисбен турнирін жеңіспен бастады
1 қаңтар, 2026
Жыл қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 10 боксшысы анықталды
31 желтоқсан, 2025
Президент шахматшы Бибісара Асаубаеваны әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады