00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Криштиану Роналду 1 млрд жазылушы жинаған әлемдегі алғашқы адам атанды

13 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Криштиану Роналду 1 млрд жазылушы жинаған әлемдегі алғашқы адам атанды
Фото: Ryan Pierse - UEFA/UEFA via Getty Images

Әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду әлеуметтік желілерде 1 млрд жазылушы жинады. Ол мұндай жетістікке жеткен әлемдегі алғашқы адам атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Роналду әлеуметтік желілерде 1 млрд жазылушы жинағанын Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлап, барша жанкүйеріне алғыс айтты.

«Біз тарих жасадық – 1 миллиард жазылушы! Бұл жай ғана сан емес – бұл біздің ойынға деген ортақ құмарлығымыздың, сүйіспеншілігіміздің дәлелі. Мадейра көшелерінен бастап әлемдегі ең үлкен алаңдарға дейін мен әрқашан отбасым үшін және сіздер үшін ойнадым. Енді 1 миллиард болдық. Маған сеніп, қолдағандарыңыз және өмірімнің бір бөлігі болғандарыңыз үшін рахмет. Ең жақсысы әлі алда, біз бірге жеңіске жетіп, тарихқа енеміз», - деп жазды Роналду.

«Алтын доптың» бес дүркін иегері Криштиану Роналду 2023 жылдан бері Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында ойнап жүр. Ол Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы, клубтық әлем чемпионаты тарихындағы үздік сұрмерген саналады.