Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстан ұлттық құрамасы J тобына түсті.
Швейцарияның Ньон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.
Топта отандастарымыз Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн құрамаларына қарсы ойнайды.
Барлық құрама 12 топқа (4-5 құрамадан) бөлінді. Төрт командадан тұратын алғашқы алты топқа (A-F) іріктеу турнирін 2025 жылдың қыркүйегінде бастаса, қалған 5 командадан тұратын 6 топ (G-L) 2025 жылдың наурызында бастайды.
Топ жеңімпазы әлем чемпионатына тікелей жолдама алса, екінші орын иегері өтпелі матч ойнайды.
Айта кетейік, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде (алғаш рет 3 елде) өтеді. 1 маусым мен 19 шілде аралығында болатын доп додасына алғаш рет 48 құрама қатысады.