Фристайл-могулдан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

5 қаңтар, 2025
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
views507
Фристайл-могулдан әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды
Фото: olympic.kz

«Шымбұлақ» шаңғы курорты 7-11 қаңтар аралығында фристайл-могул және фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын қабылдайды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бапкерлер штабы елдегі әлем чемпионатында жүлде үшін таласатын қазақстандық могулшылардың есімдерін атады.

Жарысқа Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Анастасия Ларионова, Виктория Кузнецова, Юлия Мокина, Семён Русаков, Ильнар Ибрагимов, Данил Коротков, Алексей Дениярёв, Денис Раструба секілді спортшылар қатысады.

Айта кетейік, өткен әлем чемпионатында Анастасия Городко алтын және күміс медаль жеңіп алып, 2022 жылы көрсеткен нәтижесін қайталады.