00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада алғаш рет IBSA пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтті

Елордада алғаш рет IBSA пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтті
Фото: Қанат Байұзақ

2024 жылдың 8- 12 қазан аралығында елордада көру қабілеті төмен және зағип спортшылар арасында IBSA пара пауэрлифтингтен және штанганы жатып сығымдаудан Әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарысқа Қазақстан, Грузия, Украина, Түркия, Ливия, Чехия, Израиль және Кения елдерінен 70 қатысушы жиналды. Бұл Қазақстанда көру қабілеті зақымдалған және зағип спортшылар арасында өткізіліп отырған алғашқы әлемдік деңгейдегі іс-шара.

«Жарыстың мақсаты айқын. Елімізде инклюзивті спортты дамыту. Зағип жандарға мүмкіндік жасау. Елімізде бұл спорт түрін дамытып жатқанымызға 6 жылдан астам уақыт болды. Ал 4 жылдан бері халықаралық жарыстарға тұрақты түрде қатысамыз. Ақырындап сан да, сапа да артып жатыр. Бізді көріп, үйде отырған адам спортпен айналысуға, ешкімнен ұялмай жігерленіп шығуына мүмкіндік сыйлаймыз деп сенемін. Кейінгі жылдағы Әлем чемпионаттарында спортшыларымыз оң нәтиже көрсетіп жатыр. 2021 жылы 1 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде жеңіп алсақ, 2022 жылы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола иелендік. Енді еліміздегі дода да алға жылжуымызға серпін берері сөзсіз», - деді Қазақстан пара пауэрлифтинг федерациясының президенті Артур Томицский.

Осы орайда бүгін салтанатты ашылу салтанаты өтіп, ҚР Туризм және спорт министрлігі вице-министрі Серік Жарасбаев, IBSA пара пауэрлифтинг президенті Илькар Рахимов, IBSA пара пауэрлифтинг төрағасы Тинатин Ревазашвили қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

5 күнге жалғасатын бәсекеде ел намысын 15 отандасымыз қорғап жатыр. Әзірше қоижынымызда 1 күміс пен 1 қола жүлде бар.