Ел спортшысы әлем кубогында алтын медаль алды
Фото: Olympic.kz
Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында өткен әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Алина Дауранова 1000 метр қашықтықта бірінші болып мәре сызығын кесіп, алтын жүлдеге ие болды. Бұл қашықтықта күміс жүлдені италиялық Мэйбрит Вигль, ал қола медальді норвегиялық Инна Накен иеленді.
Қазақстандық Арина Ильященко қола медальға бір қадам жетпей, төртінші орын алса, Алёна Лифатова бесінші нәтиже көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
29 қазан, 2025
Астанада үстел теннисінен тұңғыш рет өткен Қазақстан Республикасы Президенті кубогы мәресіне жетті
29 қазан, 2025
«Қайрат» пен «Семей» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде бақ сынайды
29 қазан, 2025
Қысқы Олимпиадаға 100 күн қалды: қоржынымызда неше жолдама бар
28 қазан, 2025
Қазақстан волейболшылары Азия ойындарының алтын және қола жүлделерін иеленді
