00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Ұлттық құрама аударыспақтан 5 алтын алды

10 қыркүйек, 2024
Қанат Байұзақов Қанат Байұзақов
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Ұлттық құрама аударыспақтан 5 алтын алды
фото: автордан

V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында аударыспақ спорты бойынша жарыс мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

6 салмақ бойынша жүлде үлестірілген аударыспақ бәсекесінде Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең көп 5 алтынды жеңіп алды.

"6 келі салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынып, 5 салмақта чемпион атандық. Бастапқыда жоспар ретінде 4 алтын алуды көздеген едік. Жоспарымыз артығымен орындалды. Өкінішке қарай, 90 келі салмақта Жанбатыр Бекмұсаев қырғыз спортшысымен сынға түсіп, қарсыластың қолын жіберіп қойғанына байланысты challenge сұрап едік. Алайда төрешілер кеңесе келе, жеңісті өзге елге берді. Әрине, күміс жүлде де жаман емес. Десе де, барлық салмақта топ жармағанымыз үшін кешірім өтінемін. Тағы бір ерекшелігі - Сырым Ізбасаров пен Біржан Қосалиев екінші мәрте Дүниежүзілік көшпенділер ойынында топ жарды.

Былтыр аударыспақтан халықаралық федерация құрылып, келіспеушілік сәттерді біршама азайтқан болатынбыз. Оған бір дәлел, Қырғызстан елінде өткен Әлем чемпионатында 3 алтын алуымыз. Енді алдағы уақытта Азия мен Қазақстан чемпионатына дайындаламыз", - деді Жанбатыр Бекмұсаев.

Бұған дейінгі Көшпенділер ойындарындағы көрсеткішіміз:

2016 жыл - 2 алтын
2016 жылдан кейін алтын болмады
2024 жыл - 5 алтын, 1 күміс

Айта кетейік, 8-13 қыркүйек күндері аралығында өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында 21 спорттан 97 жүлде жиынтығы сарапқа салынуда.