Азия бокс ұйымы AIBA-дан шығуы мүмкін
Өткен аптада Халықаралық Олимпиада комитеті AIBA ұйымын әуесқой бокстан Олимпиаданы ұйымдастырудан шеттеткен еді, деп хабарлады Elorda.info.
Енді Умар Кремлев басқаратын AIBA ұйымынан Азия конфедерациясы шығуы әбден мүмкін. Себебі, күздегі Азия ойындарында бокстан Олимпиаданың лицензиялары сарапқа салынады.
Азия елдері турлирлерде көп жүлде ала ма?
2020 жыл. Токио Олимпиадасында ерлер 8 салмақ және әйелдер 5 салмақта 52 медальға таласқан еді. Нәтижесінде Азия құрлығына 2 алтын, 4 күміс, 8 қола жүлде бұйырды.
2021 жыл. Белградтағы әлем чемпионатында ерлер 13 салмақта жеңімпазды (52 медаль) анықтады. Нәтижесінде Азия құрлығы 4 алтын, 4 күміс, 6 қола жүлде алды.
2023 жыл. Ташкенттегі әлем чемпионатында ерлер 13 салмақта жеңімпазды (52 медаль) анықтады. Нәтижесінде Азия құрлығы 9 алтын, 5 күміс, 9 қола жүлде алды.