Қазақстанда қанша адам ұлттық спортпен шұғылданады


2024 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спорт түрлерімен тұрақты түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 660 мыңнан асты. Бұл – елімізде дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 9,6%-ын құрайды (2023 жылы – 619,2 мың адам немесе 8,7%). Жаттықтырушылар құрамы 1 781 маманды қамтиды, оның ішінде 1 004-і ауылдық жерлерде жұмыс істейді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2018-2024 жылдар аралығындағы динамика:
2018 – 375 926 адам;
2019 – 399 357 адам;
2022 – 432 457 адам;
2023 – 619 200 адам;
2024 – 660 000-нан астам адам.
Ең танымал спорт түрлері:
- қазақша күрес,
- тоғызқұмалақ,
- асық ату,
- көкпар,
- бәйге,
- теңге ілу,
- жамбы ату,
- аударыспақ,
- құсбегілік,
- дәстүрлі садақ ату,
- жекпе-жек және басқа да түрлер.
Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында өңірлерде 15 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен 17 мамандандырылған клуб жұмыс істейді. Қазақстанда жыл сайын ұлттық спорт түрлері бойынша 1000-нан астам жарыс өтеді.



