Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатында бақ сынайды


Алматыдағы ADD USTEL TENNIS ORTALYGY кешенінде 18-20 сәуір аралығында үстел теннисінен Орталық Азия аймақтық іріктеу турнирі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыста жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына (29-шы рет өтетін) қатысу үшін төрт жолдама (жігіттер арасында – 2, қыздар арасында – 2) сарапқа салынады.
Бұл турнирде Иран, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары бақ сынайды.
Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар:
Алан Құрманғалиев, Абдулла Мамай, Нұрислам Қасым, Данян Ши, Альбина Жақсылықова, Дарья Фу, Виктория Мочалкина және Ноила Ханиязова.
Ойындар кестесі (Астана уақыты бойынша):
18 сәуір, 10:00 – қыздар:
Қазақстан – Иран;
Қырғызстан – Өзбекстан.
18 сәуір, 14:00 – жігіттер:
Қазақстан – Қырғызстан;
Иран – Өзбекстан.
19 сәуір, 10:00 – қыздар:
Қазақстан – Қырғызстан;
Иран – Өзбекстан.
19 сәуір, 14:00 – жігіттер:
Қазақстан – Иран;
Қырғызстан – Өзбекстан.
20 сәуір, 10:00 – қыздар:
Қазақстан – Өзбекстан;
Иран – Қырғызстан.
20 сәуір (қыздар ойыны аяқталғаннан кейін бірден) – жігіттер:
Қазақстан – Өзбекстан;
Иран – Қырғызстан.



