Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Бүгін Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгі бокстан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлады Elorda.info.
Жарыстың бірінші күні Қазақстанның екі өкілі шаршы алаңға шығады. Сессияның бірінші жұбында Санжар Ташкенбай 48 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда қырғызстандық Анваржан Ходжиевпен кездеседі.
Үшінші жұпта «қазақтың Ломаченкосы» атанған Махмуд Сабырхан өзбекстандық Мирзабек Мирзахалиловпен 57 келіге дейінгі салмақта 1/4 финалға шығу үшін жұдырықтасады.
Жастар арасындағы құрлық біріншілігіндегі жарыстың бірінші күнінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.
Ұқсас жаңалықтар