Қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасов жүлдесіне арналған Азия кубогы аяқталды
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
Түркістанда қазақ күресінен Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған Азия кубогы аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.
Екі күнге созылған дүбірлі додада «Түйе балуан» атанған талантты спортшы Темірлан Көлбай көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Ол бас жүлдеге ие болып, «Нива» автокөлігін жеңіп алды.
Ал Алматы облысының өкілі Мади Еділбаев күміс жүлдегер атанса, қола жүлдені Абай облысының мақтанышы Әсет Ахметжанов қанағат тұтты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев пен күрестің білікті маманы Қуат Байходжаев, сонымен қатар қазақ күресінен Қазақстанның мемлекеттік жаттықтырушысы Жеңіс Биткөзов марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 18:04
Елордалық жас синхронистер халықаралық жарыста жеңіске жетті
Бүгін, 16:43
Бокстан әйелдер құрамасы жаңа маусымға дайындықты бастады
Бүгін, 14:57
Астанада жеңіл атлетика жұлдыздарының қатысумен халықаралық жарыс өтеді
Бүгін, 12:05
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Тунисте өтетін турнирге қатысады