00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қатарда футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты басталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қатарда футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты басталды

 Әлем жұртшылығы асыға күткен доп додасы басталатын уақыт жақын. Қазір жанкүйерлер Қатар елінде футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты тамашалайды, деп хабарлады Elorda.info.

Inform.kz жазуынша, биылғы доп додасының ерекшелігі - алғаш рет қыс мезгілінде өтуі. Ойындар 5 қалада орналасқан 8 стадионда болады. Қатар дүбірлі доданы ұйымдастыруға өтініш берген уақытта елде небәрі бір стадион бар болатын. Қазірге дейін жаңадан 7 стадион бой көтерді. Оған қоса 100-ден аса қонақүй мен қаншама шақырым жол салынды.

Бірқатар ақпарат көздерінде жарысты ұйымдастыруға 200 млрд доллар жұмсағаны айтылуда. FIFA мәліметінше, Әлем кубогінің жүлде қоры - 440 млн доллар. Жеңімпаз тұғырына көтерілген құрама - 42, күміс жүлдегер - 30, 3-орын иегері 27 млн долларға қол жеткізеді. Ал 4-орын иегері - 25, 5-8 орын алғандардың әрқайсысы - 17, 9-16 орын аралығында болғаны - 13, 17-32 орындағылар 9 млн доллардан алады.

Салтанаты ашылу салтанатынан кейін Қатар және Эквадор құрамалары доп додасының алғашқы ойынын өткізеді. Кездесу барысында итальяндық Даниэле Орсато бас төреші қызметін атқарады.