Қазақстанның 9 боксшысы Азия чемпионатының финалына шықты
Әуесқой бокстан Иорданияда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалистері анықталды, деп хабарлады Elorda.info.
Финалға ең көп шыққан елдер: Қазақстан – 9, Өзбекстан – 7, Иордания – 4, Таиланд – 2, Жапония – 1, Филиппин – 1, Моңғолия – 1, Үндістан – 1.
Финалдық жекпе-жектер 12 қарашада өтеді.
48 кг Санжар Тәшкенбай – Казума Аратаке
51 кг Сәкен Бибосынов – Хасанбой Дусматов (Рио Олимпиадасының чемпионы)
54 кг Сабырхан Махмұд – Карло Паалам (Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері)
57 кг Серік Теміржанов – Абдумалик Халоков (2021 жылы өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері)
60 кг Абу Джадже Мухаммед – Баярхуу Буяндалай
63.5 кг Руслан Абдуллаев – Шива Тапа
67 кг Дулат Бекбауов – Бунжонг Синсири
71 кг Асланбек Шымбергенов – Зеяд Ишаиш (2019 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисі)
75 кг Нұрқанат Райыс – Саиджамшид Жафаров (2021 жылы өткен әлем чемпионатының ширек финалисі)
80 кг Хусейн Эйшайшиашайш – Одилжон Аслонов
86 кг Рияд Адельхиндави Одаи – Жакапонг Емхот
92 кг Айбек Оралбай – Мадияр Сайдрахимов (2021 жылы өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері)
+92 кг Қамшыбек Қоңқабаев – Лазизбек Муллажонов (әскерилер арасында әлем чемпионы, 2021 жылы өткен әлем чемпионатының ширек финалисі)