Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін жартылай финал ойындары өтеді
Бүгін Иорданияда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финал айқастары өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгін рингке Қазақстан құрамасынан 12 боксшы шығады.
Күндізгі сессия (16:00):
2-жұп: 48 кг Санжар Тәшкенбай – Говинд Кумар Сахани (Үндістан)
3-жұп: 54 кг Сабырхан Махмұт – Шахзод Музафаров (Өзбекстан)
5-жұп: 60 кг Саматәлі Төлтаев – Мохаммад Абу Джаджех (Иордания)
8-жұп: 67 кг Дулат Бекбауов – Асадхуджа Муйдинхуджаев (Өзбекстан)
9-жұп: 75 кг Нұрқанат Райыс – Сейедшахин Мусави (Иран)
12-жұп: 86 кг Сағындық Тоғамбай – Одаи Рияд Адеальхиндави (Иордания)
13-жұп: +92 кг Қамшыбек Қоңқабаев – Мухаммад Аброридинов (Тәжікстан)
Кешкі сессия (21:00):
1-жұп: 51 кг Сәкен Бибосынов – Томоя Цубои (Жапония)
3-жұп: 57 кг Серік Теміржанов – Хуссам Уддин Мохаммед (Үндістан)
8-жұп: 71 кг Асыланбек Шымбергенов – Бьямберден Отгонбаатар (Моңғолия)
10-жұп: 80 кг Нұрбек Оралбай – Хуссейн Эйшаиш Иашайш (Иордания)
12-жұп: 92 кг Айбек Оралбай – Туфан Шарифи (Иран).