Еркін күрестен ӘЧ: Қазақстан палуандары қос қола медаль иеленді
Қазақстан палуандары Испанияда өтіп жатқан еркін күрестен жастар арасындағы Әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.
Қос қола жүлде Асыл Айтақын мен Әлішер Ерғалиге бұйырды.
«Zakon.kz» жазуынша, Испанияның Понтеведрада өтіп жатқан еркін күрестен жастар арасындағы Әлем чемпионатында Әлішер Ерғали (125 келіге дейін) және Асыл Айтақын (61 келіге дейін) қола жүлдегер атанды. Ауыр салмақтағы Әлішер Ерғали үшінші орын үшін таласта венгр палуаны Милан Корксогпен боз кілмге шықты.
61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз Асыл Айтақын «қола» үшін таласта Грузия өкілі Рамаз Турманидзеден басым түсті.
Осылайша, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрестен Әлем чемпионатында дәл қазіргі уақытта Қазақстан қоржынына үш медаль келіп түсті.