00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Республика күніне орай «Байқоңыр барысы» ашық турнирі өтіп жатыр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Республика күніне орай «Байқоңыр барысы» ашық турнирі өтіп жатыр

Елордада Республика күніне орай «Байқоңыр барысы» ашық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл турнир  «Байқоңыр» ауданында осымен үшінші рет өткізіліп жатыр.

Мемлекет басшысы мен елорда әкімдігінің қолдауымен қала және аудан тұрғындары арасында спорт саласы, оның ішінде ұлттық спорт түрлері қарыштап дамып келеді. Мұның тамаша дәлелі -  дәл бүгінгі боз кілемде ұйымдастырғалы отырған «Байқоңыр барысы». Бір қуантарлығы, іс-шарамызға жылдан жылға қатысушылар саны мен көрермендер саны еселеніп көбейіп келеді, - деді Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаев.

 Оның мақсаты  - қазақ күресінің насихатын арттыру және  Қазақстан халқының патриоттық сезімін ояту.

«Байқоңыр барысы» жекпе-жегінің мақсаты – жастар арасында ұлттық спортты насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын дәріптеу, жастардың спортқа деген сүйіспеншілігін ояту, одан әрі дамыту, - деді аудан әкімі.

Іс-шараға қазақ спортының еңбек сіңірген қайраткерлері, атақты палуандар және еліміздің белді тұлғалары қатысады.

Дүбірлі додаға биыл 60 және 82 келі салмақ дәрежесіндегі палуандар да қатысуға ниет білдірді. Бүгінгі сайыс қызықты да әсерлі өтетініне сенемін. Қайтпас қайсарлық, табандылық және намысқой, өзгеге дес бермейтін нағыз ер азаматтар тек осы жерде жиналды, - деді Е.Жаулыбаев.