«Шексіз бақыттымын»: Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен ажырасуының себебін айтты


Белгілі әнші Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевпен не себепті ажырасқанын түсіндіріп берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл туралы өнер иесі желідегі парақшасында бөлісті.
«Кейде ойларым мен сезімдерімнің тереңдігін оқырмандарыма бөліскім келеді. Бірақ өзімді бір шектеу ұстап тұрғандай сезінемін. Шынайы ашылу керек пе, әлде құпияны сақтаған дұрыс па?! Осы сұрақ мені жиі толғандырады. Сіздер қалай ойлайсыздар?», – деп жазды әнші.
Балжан Бидаш ажырасқаннан кейін ғана өз қалауын айтуды үйренген.
«Көп адам менің ажырасуыма қатысты шындықты білгісі келеді. Ең бірінші, өзіңді жақсы көруің керек. Өз қалауыңды айтып, келісімді түрде шешім болуы керек. Мен конфликтіні ұнатпаймын. Сол үшін де үнсіз шыдадым. Ол дүние менің денсаулығыма әсер етті. Қазір мен шексіз бақыттымын. Ол адамнан кеткеннен кейін бірден шығармашылығымды қолға алдым. Депрессияға түсетін уақыт болмады. Ажырасуға ешкімді үгіттемеймін. Оған өзім де қарсымын. Әр отбасының бақытты болғанын қалаймын. Менің отбасым – ата-анам, бауырларым, жаңа отбасым – болашақта», – деді ол.