«Жарқырай беріңіз»: Алмас Кішкенбаев жаңа әнін жарыққа шығармақ

Бүгін, 12:25
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Жарқырай беріңіз»: Алмас Кішкенбаев жаңа әнін жарыққа шығармақ
Фото: Алмас Кішкенбаев/Facebook

Жақында белгілі әнші Алмас Кішкенбаев өзінің Instagram парақшасында жаңа әні шығатыны туралы сүйінші хабар айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қымбаттылар! Жуырда жаңа әнім жарыққа шығады. Сіздердің әнге деген қолдауларыңызды күтемін», - деп жазды ол.

Бұл жазбаның астына көптеген оқырмандар әншіге сәттілік тілеген, қолдау білдірген жазбаларын қалдырды.

«Супер! Жарқырап жүріңіз! Сынбаңыз! Сізді сынақтар сындырмасын! Біз сізді жақсы көреміз!», «Шығармашылығың шарықтай берсін Алмасжан! Аман бол», «Бақытты болсын! Көп ештеңеге қайғырмаңыз. Әйелден трагедия жасамаңыз. Әр адамның бақытты болуға, өмір сүруге құқығы бар. Адамдарға байланбай өмір сүре білу керек», «Сізге тек жақсылықтар тілеймін. Халық сізди жақсы кореді», «Қолдаушың бір Алла болсын»деп жазды олар.