«Ертегі сияқты»: Баян Алагөзова екі кішкентай қызымен шетелде қыдырып жүр


Танымал продюсер Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында кішкентай қыздары Алиса мен Алманың ұшақ бортындағы суреттерін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Онда бүлдіршіндерді әкесі Тұрсын Алагөзовтың ұстап отырғанын көреміз. Ал Баян Мақсатқызының келесі жариялаған видеоларынан жұлдызды отбасының Түркия елінде жүргенін аңғарамыз.
«Бәріңізге қайырлы таң! Қараңыздаршы, айнала ертегі сияқты. Қандай әдемі! Альбатростар ұшып жүр, қайықтар жүзіп барады, кафе ашылып жатыр, күн шуағын шашып тұр. 4 градус жылы», - деді ол видеода.
Баян Мақсатқызы, сондай-ақ, бұл қаланың Ыстамбұл екенін, бірақ күн салқындау боп тұрғанын айтты. Оның айтуынша, бұл шаһар үшін ауа температурасы қалыпты саналатынын, ал жергілікті халықтың ертеңнен бастап күн жылынады деп жатқандарын тілге тиек етті.



