«Кербез екен»: блогер Ырысбала Икрамбай Бурак Озчивитке шапан жапты


Блогер Ырысбала Икрамбай елімізге сапарлап келген түріктің танымал актері Бурак Озчивидке құрмет көрсетіп, шапан сыйлағаны туралы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бұл азаматқа да қазағымның сый-сыяпатын көрсетіп, шапан алып қолына ұстатып жібердім!
Тәуелсіздігімізді алғаш мойындаған елден келді, түбіміз бір түркі деп жанымызға жақын тұтамыз.
Бәрің «Ойбай, Бурак» дейтін едіңіздер, Буракты да көрдік. Бетінің тең жартысы сақал болса да, сұлу, кербез ба... Мұндай теңеу қыздарға ғана айтылатын шығар десем, бұл сөзге сай еркектер де болады екен.
Қасында тұрғанда «самооценка» дегенді таппай қалдым ғой», - деп жазды қайырымдылығымен көпке танылып жүрген блогер.
Айта кетейік, бұған дейін де ол Әзербайжанның танымал әншісі Роза Зергерліге қонақжайлығын көрсетіп, иығына шапан жапты.



