Тоқаев Шри-Ланка халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Президент жеделхатында Шри-Ланканың орнықты даму және халықаралық беделін нығайту жолында айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.
– Қазақстан Шри-Ланкамен қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен берік ынтымақтастық болашақта да халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаякенің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Шри-Ланка халқына құт-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:38
Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Бүгін, 09:07
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды

17 қазан, 2025
Қазақстан мен Грузия волонтерлік жобалар мен кинофильмдер алмасуды жоспарлап отыр

17 қазан, 2025
«Орталық Азия + Жапония»: желтоқсанда Токиода өтетін Саммитке дайындық мәселелері талқыланды