Президент: Заң және тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз

14 наурыз, 2025
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
Президент: Заң және тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз
Фото: akorda.kz

Президент ұлтымыздың арман-мұраты әділетті, қауіпсіз, таза, қуатты Қазақстанды құру идеясынан бастау алатын айтты. Бұл туралы Elorda.info.kz тілшісі хабарлайды. 

Біздің ұлтымыздың арман-мұраты Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстанды құру идеясынан бастау алады. Біз баршаға және әркімге зор мүмкіндік беретін мемлекет құрып жатырмыз. Бұл – әр азамат өз қабілетін шыңдап, адал еңбегімен отбасын асырай алатын ел болу деген сөз.

Заң және тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз. Бұл, ең алдымен, еліміздің әр азаматына және барша халқымызға ортақ тәртіп. Ал біздің идеологиямыз – қарапайым әрі түсінікті. Бұл – жаһандағы аса күрделі геосаяси ахуалда елімізді жаңа даму деңгейіне көтеру үшін берік негіз қалау деген сөз. Мемлекеттіміздің тағдыры мен ұлтымыздың берекелі өмірі осыған тікелей байланысты.