Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады
 
                            Фото: Ақорда
                            Мемлекет басшысына Мұрат Нұртілеу министрліктің атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Ол Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының жұмысы, сондай-ақ Болашақ саммитінің қорытындысы жөнінде баяндады.
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен келіссөз жүргізгенін айтты.
Кездесуде Қазақстан Президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін халықаралық іс-шаралардың кестесі қарастырылды.
Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігіне ведомство қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Ұқсас жаңалықтар
                                 
                                                
                                                    Бүгін, 16:36
                                                
                                            Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады
                                    
                                                                            
                                             
                                                
                                                    Бүгін, 16:06
                                                
                                            Қасым-Жомарт Тоқаев Queen’s University Belfast президенті және вице-канцлерін қабылдады
                                    
                                                                            
                                             
                                                
                                                    Бүгін, 15:36
                                                
                                            Президент Woosong білім беру қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ким Сонг Кёнгты қабылдады
                                    
                                                                            
                                             
                                                
                                                    Бүгін, 15:07
                                                
                                            Қасым-Жомарт Тоқаев МИФИ ректоры Владимир Шевченкомен кездесті
                                    
                                                                     Салтанат Мұратқызы
                                    Салтанат Мұратқызы
                                
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                 
                                