00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Мемлекет басшысы Кувейттің Тақ мұрагерімен кездесті

Мемлекет басшысы Кувейттің Тақ мұрагерімен кездесті
фото: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев СOP29 Дүниежүзілік климат саммиті аясында Кувейттің Тақ мұрагері, шейх Сабах Халид әл-Хамад Ас-Сабахпен кездесу өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Кувейтті Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды серіктесі ретінде атап өтті.

Президент екі ел арасында тұрақты саяси диалог пен экономикалық ықпалдастық дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстанның Кувейтпен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейттің Қазақстан экономикасына қаржы құятын ірі инвестордың біріне айналуға әлеуеті мол екеніне сенім білдіріп, елімізде бірқатар Кувейт компаниясының табысты жұмыс істеп жатқанын мысалға келтірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Сабах Халид әл-Хамад Ас-Сабах бірлескен инвестициялық жобаларға баса мән бере отырып, сауда-экономикалық байланыстарды жандандыра түсу жөнінде уағдаласты.

Әңгімелесу барысында көпжақты құрылымдар аясындағы, соның ішінде Орталық Азия – Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесі форматындағы ықпалдастыққа басымдық берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт Әмірі Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахты Қазақстанға сапармен келуге шақырды.