Мемлекет басшысы ғалым Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айтты
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев тілтанушы және әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сейіт Қасқабасовтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
– Сейіт Асқарұлы ұлт руханиятын ұлықтап, қазақ ауыз әдебиетін терең зерделеуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы тұлға еді. Әсіресе, отандық фольклортануға өлшеусіз үлес қосты. Іргелі еңбектер жазып, ұлағатты ұстаз ретінде көптеген шәкірт тәрбиеледі. Өнегелі өмір сүріп, соңына рухани мол мұра қалдырған Сейіт Асқарұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды, – деп жазылған жеделхатта.
Ұқсас жаңалықтар
1 қараша, 2025
Ли Зоу: «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы – әлемге үлгі боларлық бастама
1 қараша, 2025
Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
31 қазан, 2025
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті
31 қазан, 2025
Президент Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректорын қабылдады
