00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Президент көтерген бастама қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға жетелейтіні анық

Президент көтерген бастама қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға жетелейтіні анық
Фото: Ақорда

Астана қаласының Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының директоры Ерлан Дәкенов Президенттің «Ana tili» газетіне берген сұхбаты туралы пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетіне кезекті көлемді сұхбаты шықты. Бұл сұхбатта Президент өткен жылғы жасалған жұмыстар мен мәселелер туралы айтып, алдағы уақытта атқарылатын жоспарларын бөлісті. Қасым-Жомарт Кемелұлы әр кез экономиканың дамуы мен егемендікті нығайтуды ойлайды. Бұл жолғы сұхбаттан да осыны аңғардық. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына тоқталып, оның жай-жапсарларын кеңінен түсіндіріп өтті. Президенттің дәл осы бастамасы көше тазалаумен шектелмейтінін, мұның мазмұны тереңде екенін атап өтті. Тілге тиек болған «Әділетті Қазақстан» бастамасы кез келген жерде әділдік орнатып, қоғамдық мәдениетті  қалыптастыруға жетелейтіні анық. Сондай-ақ кең көлемді сұхбатта әлемдегі геосаяси ахуал, тіл, инвестиция тарту мәселелері де айтылып отыр. Біз Мемлекет басшысын қолдай отырып, Әділетті, Таза Қазақстан құратынымызға кәміл сенеміз! - деді Ерлан Дәкенов.