«Бір мәмілеге келу қажет»: Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

«Бір мәмілеге келу қажет»: Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев EXPO көрме алаңында өтіп жатқан болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен кәсіптік-техникалық ұйымдардың басын қосқан «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалінде Украинадағы жағдай жөнінде пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Біз «Бірлігіміз – әралуандықта» идеологиясын темірқазық етіп ұстанып отырмыз. Ұлтымыз бен наным-сеніміміз әртүрлі екеніне қарамастан, бір қоғамда тұтас халық болып өмір сүреміз. Мен баршаңызды осынау терең үдерісті толық түсінуге шақырамын. Сонда ғана табысқа жете аламыз. Қазір Украина жөнінде көп айтылып жатыр. Біз алғашқы кезден бастап осы соғысты міндетті түрде тоқтату керек, дипломатиялық келіссөздер арқылы бір мәмілеге келу қажет деп айттық. Бұл ұстанымымыз енді шындыққа айналды. Екі алпауыт ел саяси сұхбат жүргізе бастады. Бұл – жақсы үрдіс. Әрі Қазақстанға пайдасын тигізеді. Сондықтан біз мұны мейлінше қолдаймыз», – деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, Президент бүгін Астанада өтіп жатқан «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды.