Президент Кореяда ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты
Фото: Оңалхан Өнерхан
Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Президент жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:33
Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Бүгін, 19:09
Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты
Бүгін, 18:26
Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды
Бүгін, 14:08
Президентке Қызылорда облысының инвестициялық жобалары таныстырылды
