Теракт жасамақ болған азамат 18 жылға сотталды
21 қазан, 2024


Фото: ҰҚК
Ақтау қаласының тұрғынына қатысты террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін үкім заңды күшіне енді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды, - делінген ҰҚК хабарламасында.
Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген.
Айта кету керек, сотталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 09:18
«Ақшаны қайтармасаң, ұрып өлтіреміз»: Петропавлда оқушы қызды қатарластары аяусыз ұрып-соққан

7 маусым, 2025
Сот 15 жастағы қызын тұрмысқа берген әйелді ата-ана құқығынан айырмады

7 маусым, 2025
Атырау облысында 8 жасар қыздың денесі табылды

7 маусым, 2025
Елордадағы жағажайда 11 жасар бала суға кетіп қала жаздады