Сот процесі кезінде жалған айғақ берген куәгер сотталды

Фото: freepik.com
Шығыс Қазақстан облысында жалған айғақ берген куәгер сотталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ШҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшылығына қатысты сыбайлас жемқорлық туралы іс бойынша сот процесі барысында көлік прокурорлары куәлардың бірімен жалған айғақтар беру фактісін анықтады.
Арнайы прокурорлар жүргізген тергеп-тексеру сот төрелігіне қарсы әрекет ету дерегін растады.
Сот сотталушының кінәсін мойындау мен өкінуін ескеріп, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Прокуратура жалған айғақтар сот жүйесіне деген сенімге нұқсан келтіреді және қылмыстық жауаптылыққа алып келетінін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:03
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

Бүгін, 16:46
Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

Бүгін, 14:01
БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

Бүгін, 09:35
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды