Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысы қашан басталады
Бұл туралы құқық қорғаушы Айтбек Амангелді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Наурыз айында болады деп болжап отырмын. Бәлкім одан ерте немесе кеш басталуы да мүмкін. Тергеу әлі аяқталу сатысында тұр, әрі қарай тараптарға танысып шығуға уақыт беріледі. Бізден басқа 11 күдікті мен олардың адвокаттары бар. Олар танысып болған соң, өз тараптарынан талап-арыз беруі мүмкін. Одан кейін прокуратураға процессуалдық бұзушылықтарды тексеруге жіберіледі. Кейін судьяны анықтау үшін сотқа жолданады. Одан кейін судья өзінің кестесіне сәйкес алдын ала тыңдауды белгілейді. Әрі қарай басты сот талқылауы басталады», – деп жазды Айтбек Амангелді.
Айта кетейік, Шерзат Болат 2024 жылы 4 қазанда Талғар қаласындағы жанжал кезінде қаза тапты. Осы оқиға бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында 11 адам ұсталды.