Полицейлер екі айда іздеуде жүрген 311 адамды ұстады

14 наурыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Полицейлер екі айда іздеуде жүрген 311 адамды ұстады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ішкі істер министрлігі еліміздің құқық қорғау органдары іздестіріп жатқан 311 күдіктіні ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Оның ішінде 7 адам кісі өлтіргені үшін, 1 адам қарақшылық шабуыл жасағаны үшін, жетеуі адам тонағаны үшін, 75 адам ұрлық жасағаны үшін қашып жүрген. Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 145 адамның жүрген жері анықталды.

Полицейлер ТМД және алыс шет елдерде халықаралық іздеу жарияланған 85 қылмыскерді ұстады.

«Түркістан облысында мемлекеттік шекарадан өтпек болған кезде екі жыл бұрын Мәскеу тұрғынын өлтіргені үшін іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Сондай-ақ Жамбыл облысында шетел азаматы ұсталды. 2014 жылы Тәжікстан полицейлері одан 72 келіден астам гашиш тәркілеген», - деді Криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Оның айтуынша, шетелдерде іздеуде болған 21 қазақстандық ұсталған.