ҚМА Абай облысы бойынша департаменті «Rakhat0425» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

Фото: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі
Ұйымдастырушылар азаматтардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен, деп хабарлады Elordainfo.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Нәтижесінде 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жиналған.
Сонымен қатар, күдіктілер азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген.
Бұл мүлік «инвестициялық жарна» ретінде бағаланған.
Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:03
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

Бүгін, 16:46
Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

Бүгін, 14:01
БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

Бүгін, 09:35
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды