Елордада полицейлер алтын жүзік ұрлаған күдіктіні ұстады

Фото: видеодан скрин
Астанада жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер қаланың ірі сауда үйлерінің бірінде алтын жүзік ұрлаған 30 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Күдіктінің зергерлік бұйым сататын дүкенге сатып алушы секілді келіп, жүзіктерді саусағына киіп көргені анықталды. Кейін ол бір алтын жүзікті сатушыға білдіртпей қалтасына салып алды. Осылайша, дүкенге материалдық шығын әкелді.
Қылмыс бейнебақылау көмегімен ашылды. Полиция қызметкерлері ұрыны ұстап, ұрланған затты оның үйінен тапты.
Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады.
Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:36
Алматыда халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматтары ұсталды

Бүгін, 15:14
Петропавлда 8 млн теңгені жымқырған коммуналдық кәсіпорын басшылары сотталды

Бүгін, 14:55
Павлодарлық тұрғыннан аса ірі көлемде мефедрон тәркіленді

Бүгін, 13:38
Алматыда алаяқтарды SIM-карталармен қамтамасыз еткен топ ұсталды