00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астана тұрғыны жалға алған пәтерді тонап кеткен

Астана тұрғыны жалға алған пәтерді тонап кеткен
фото: Polisia.kz

53 жастағы елорда тұрғыны бөлмесін жалға берген, алайда жалдаушы із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның үш-төрт күн жалдамалы бөлмеге келмегенінен күдіктенген үй иесі, бөлмені тексеругенде, іші бос екенін анықтады. Жалдаушы үй иесіне ескертпей көшіп кетіп, өзімен бірге бөлмедегі телевизор мен басқа да жеке заттарын алып кеткен.

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 36 жастағы ер адамды анықтады. Жалдаушы үй иесіне ескертпей басқа жерге көшкені мәлім болды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде полицейлер күдіктінің ізіне түсіп, ұрланған телевизорды тауып, иесіне қайтарды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері, оның елорда аумағында орын алған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар екенін анықтады.