00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда тұрғыны арзанға тур сатып аламын деп алданды

Елорда тұрғыны арзанға тур сатып аламын деп алданды
Фото: Оңалхан Өнерхан

28 жастағы кәсіпкер арзан турларға уәде беріп, ақшаны алғаннан кейін міндеттемесін орындамағаны анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Зардап шеккендердің бірі, елорда тұрғыны әлеуметтік желіде «горящая путевка» туралы еліктіретін жарнаманы көргені туралы полицияға арызданған. Күдіктіге сенген ол, оған миллион теңгеден астам ақша аударған. Алайда жәбірленушінің отбасы демалысқа шыға алмаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары өткізу барысында, шетелге соңғы минуттық турларды ұсынып, қала тұрғындарының ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденген жас қыз анықталып, ұсталды. Адамдар ұжымдық мәлімдемелеріне қарамастан, қаскүнем өзінің турларын жарнамалап, азаматтарды алдауды жалғастырды деп мәлімдейді. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 60 миллион теңгені құрайды.

Күдікті жасаған қылмысын мойындады.

Аталған қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция департаменті азаматтарды мұқият болып, алаяқтардың айласына берілмеуге, таныстардан немесе бейтаныстардан түскен ақпаратты мұқият тексеруге шақырады.