Ақтөбеде 70 жастағы аула сыпырушы ер адамды пышақтап кетті

Ақтөбеде 70 жастағы аула сыпырушы ер адамды пышақтап кетті

Аула сыпырушы ескерту жасағанда, балалар дөрекі жауап қайтарған. Сол сәтте олардың әкесі араласып, жанжал ушыға түсті. Үлкен кісімен ер адамның арасында дау туып, ол төбелеске айналған. Бұл туралы Elordainfo.kz хабарлайды. 

Екі тарап оқиғаға байланысты әртүрлі нұсқа айтып отыр. Жараланған ер адамның туыстары аула сыпырушы баланы қорқытты, кейін әкесіне пышақ салды дейді. Ал аула сыпырушы өзін-өзі қорғадым деп отыр.

Ол қарсы тарап бірінші болып травматикалық қару қолданды деп мәлімдеді. Жарақат алған азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Оқиғадан кейін аула сыпырушы пышақты тығып, жедел жәрдем көлігіне кіруге тырысқан, бірақ полиция оны ұстап үлгерді.

Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Эльмира Жұмабай