Ақтөбе облысында ірі қарадан қауіпті індет анықталды

фото: freepik.com
Ақтөбе облысында 4 бас ірі қара белгісіз аурудан өлді. Оқиға Көптоғай ауылдық округіндегі «Мәтжан» шаруа қожалығында тіркелген, деп хабарлады Elordainfo.kz Диапазон басылымына сілтеме жасап.
Ветеринарлар оқиға орнына барып, өлген малдан сынама алып, облыстық зертханаға жіберді. Онда сараптама малдың эмкардан өлгенін көрсетті.
«Өлген жануарлардың денелері қорымға жеткізіліп жойылды, қалғандары бақылауда», - деді ветеринария басқармасынан.
«Мәтжан» шаруа қожалығында 243 бас ірі қара, 762 бас ұсақ мал, 7 жылқы бар. 27 ақпанда Көптоғай ауылдық округі әкімінің шешімімен шаруашылықта карантин енгізілді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:03
Есірткі сатумен айналысқан отбасы ірі көлемдегі марихуанамен ұсталды

Бүгін, 16:46
Таразда заңсыз жабдықты пайдаланған стоматология қызметін тоқтатты

Бүгін, 14:01
БҚО-да 10 адамды сан соқтырған күдікті ұсталды

Бүгін, 09:35
Қарағанды облысында пойыз жеңіл көлікке соғылып, үш адам көз жұмды