03.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Тәжікстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді

|
Photo: Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Тәжікстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді

|
Photo: Фото-коллаж: Elordainfo.kz

2024 жылғы 20-22 тамыз аралығында Тәжікстанда Қазақстан Республикасының мәдениет күндері өтеді. Бұл туралы Elorda.info Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Мәдениет күндері аясында бірқатар ірі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

2024 жылғы 20 тамызда Душанбе қаласындағы «Ватан» кинотеатрында қазақстандық кино күндерінің ашылуы өтеді.

22 тамыз күні сағат 19:00-де «Кохи Борбад» мемлекеттік кешенінде Қазақстан өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтеді, оған Қазақстанның халық әртістері мен еңбек сіңірген қайраткерлері, сондай-ақ халықаралық конкурс лауреаттары қатысады.

Сонымен қатар гала-концерт басталмас бұрын «Кохи Борбад» мемлекеттік кешені фойесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің қорынан «Қазақ халқының қолданбалы-сәндік өнері» атты көрмесі ұсынылады. Көрменің негізін XVIII-XX ғасырлардағы қолданбалы өнердің бірегей заттары құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗