00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық өнерпаздар Мәскеуде гала-концерт қойды

Елордалық өнерпаздар Мәскеуде гала-концерт қойды
Фото: Е.Каналимовтың Facebook парақшасынан

Мәскеу қаласында өтіп жатқан Астана қаласының мәдениет күндері аясында елордалық шығармашылық ұжымдар Мәскеу көрермендеріне гала-концерт ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Мәскеу Халықаралық Музыка үйінің сахнасында ҚР Халық әртістері Роза Рымбаева, Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин, «Сарыарқа», «TURAN» фольклорлық ансамбльдері, «TERRA» би театры, халықаралық байқаулардың лауреаттары Ержан Тоқсабанов, Райымбек Тарихов, Мейрам Айтмағамбетов өнер көрсетті.

«Концерт бұрын-соңды болмаған сәттілікпен өтті. Екі бауырлас қала Астана мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас айтарлықтай нығайды. Өткен жылдың желтоқсан айында біздің қаламызда Ресей астанасының мәдениет күндері өтті. Іс-шара үлкен табыспен өтті және жұртшылықтың назарын аударды. Бүгінгі таңда мұндай мәдени алмасу тұрақты сипатқа ие болды деп айтуға болады. Ал келесі жылы екі елорда да алғашқы маңызды мерейтойын – бауырлық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуын атап өтеді», - деп жазды Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.