00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада «Дала қасқыры» фильмінің жабық көрсетілімі өтті

13 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада «Дала қасқыры» фильмінің жабық көрсетілімі өтті
фото: Kazakhcinema.kz

Киножоба Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы және Golden Man Media компаниясының қолдауымен түсірілді, деп хабарлады Elorda.info.

Фильм 15 тамыздан бастап ел кинотеатрларына жол тартпақ.

«Дала қасқыры» – триллер мен драма элементтерін біріктіретін фильм. Шығармашылық топ сценарий жұмыстарына 10 жыл бұрын кірісіп, оны 2021 жылы аяқтап, түсірілім жұмыстары басталған. Оған 100-ден астам маман қатысты.

Қауіпті трюктерді қазақстандық каскадерлер орындаған, бұған қоса Беларуссиядан арнайы мамандар да шақырылған. Фильмде жоғалған ұлын іздеген Тамара есімді әйелдің оқиғасы баяндалады.

«Дала қасқыры» – кейіпкерлерімен, баяндауымен ерекше фильм. Мұндағы кейіпкер әйел қатты қайғырып тұрғанмен, рухы мықты, мінезі қайсар. Туындының шырайын келтірген де өзі. Фильмнің халықаралық фестивальдарда жүлде еншілеуі соның дәлелі, – дейді фильмнің продюсері Әлия Меңдығожина.

Канададағы Fantasia Film Festival фестивалінде «Дала қасқыры» фильмінің актерлері Берік Айтжанов пен Анна Старченко «Рөлді үздік орындағаны үшін» номинациясы бойынша марапатталды. Сонымен қатар фильм операторы Еркінбек Птыралиев Оскар академиясының мүшесі болды.

Бұл «Дала қасқырының» бірінші жетістігі емес. Бұдан бөлек, ол өткен жылы Роттердам кинофестивалінде жоғары бағаланды. Сондай-ақ Бельгияда өткен халықаралық кинофестивальда бас жүлде иеленді.